Қос мереке қарсаңында тәртіп сақшылары марапатталды. Жиынды ашқан облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов солтүстікқазақстандық милиционерлердің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін және Отанға қызмет етудегі сабақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Салтанатты шарада қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге марапат табыс етілді. 40-тан астам маман мен ардагерге Құрмет грамоталары, медальдар, төсбелгілер, алғыс хаттар мен арнайы шендер табысталды. Еске сала кетейік, мерекелік және демалыс күндері полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Данаш Хамза