Құқық қорғау органдары

Облыста «Рөлде ұйықтау» акциясы өтуде

Жыл басынан бері облыс аумағында 143 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза тапқан. Ал жарақат алғандардың саны 200-ді құрайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қайғылы жайттардың көбеюіне жол бермеу үшін полицейлер бірқатар алдын алу шараларын қабылдауға көшті. Осы күндері өңірімізде «Рөлде ұйықтау» акциясы өтуде. Оның барысында тәртіп сақшылары мен дәрігерлер «Астана-Петропавл» трассасында көліктерді тоқтатады. Көбінесе жүк көліктері мен көп орынды минивэн тізгіндеген азаматтарға тоқтау жөніндегі нұсқау беріледі. Кейін мамандар жүргізушілердің денсаулық жағдайын сұрайды, қан қысымын өлшейді, кофе мен бауырсақ ұсынады, қажеттілік туындаса дәрі- дәрмек те береді.

– Ничего такого не беспокоит? – Нет. – И голова не болит. – Нет, ничего. А так на учете ни с чем не состоите? – Да нет. Возрастные болячки.

ЖАСҰЛАН СӘДУАҚАСОВ, СҚО ПД патрульдік полиция батальонының взвод командирі:

– Республика аумағында өткізіліп отырған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс шарасы шеңберінде бүгін «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жедел медициналық жәрдем орталығы» қызметкерлерімен бірлесіп, «Рөлде ұйықтау» акциясы жүріп жатыр. Патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын тоқтатады, медициналық қобдишаның бар екенін тексереді, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері жүргізушілердің шаршау дәрежесін анықтайды, қажет болған жағдайда көлік құралдарының жүргізушілері жақын маңдағы демалыс орнына жеткізіледі.

Байболат Құлтанов