– Рашит Садвокасович здесь? Ас-саляму алейкум, саламатсыз ба, Рашит Садвокасович! Я поздравляю Вас с наступающим 80-летием нашей великой Победы! Хочу пожелать… Я аким СКО, Нурмухамбетов. Хочу пожелать Вам крепкого здоровья, благополучия! Благополучия близким, родным!
Жеңіс күні қарсаңында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тыл еңбеккері Рашит Белогоновты құттықтады. Ардагерге жылы лебіздер мен гүл шоқтары ғана емес, арнайы марапат – мерейтойлық медаль да табысталды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Я по поручению главы государства хочу Вас этой медалью одарить и вручить Вам от имени главы государства юбилейную медаль, которая посвящена 80-летию Великой победы!
Соғыс басталғанда Рашит Белогонов бар болғаны 11 жаста еді. Қиындық атаулыны түсіне қоймаған балалық шақта ол үлкендердің қатарына қосылып, эвакуацияланған зауыттың цехында еңбек ете бастады. Қиын-қыстау заманда аянбай тер төгіп, жеңіс үшін жанын салды. Ол – мыңдаған баланың бірі еді, бірақ ешқашан мойымады.
РИНАТ БЕЛОГОНОВ, қала тұрғыны:
– Менің әкем – тыл еңбеккері. Жас күнімде ол маған балалық шағының ауыр кезеңдері туралы жиі айтып беретін. Әкем небәрі он бір жасында Мәскеуден эвакуацияланған зауытқа барып, сол жерде алғаш рет еңбекке араласқан екен. Ол күндерді еске алғанда: «Бізді алдымен жарты күн сауат ашуға үйрететін, тамақтандыратын, ал қалған уақытты станок қасында өткізіп, әскери өнім шығаруды үйрететін», – деп еске алатын. Балалық шақтың орнына еңбекпен ерте есейген буынның тағдыры әрдайым жүрекке ауыр тиетін.
Бүгінде 94 жасқа келген Рашит Сәдуақасұлының ғұмыры – ерлік пен еңбектің шынайы үлгісі. Аштық, жоқшылық, ауыр еңбек – бәрін бастан өткерсе де, өз ісіне адал болды. Кәсібіне деген құрметі, өмірге деген сенімі мен қайсар рухы оны әрдайым алға жетеледі.
Нұрасыл Ахмет