Қоғам

Облыс әкімі 101 жастағы кейуананың шаңырағында болды

Хадиша Бекназарова 1924 жылдың бірінші қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шал ақын ауданындағы Социал ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі – қарапайым шаруа адамдары. Дүниеден ерте өтіпті. Хадиша әжейдің екі ағасы майданға аттанған. Бірі ұрыс даласында ерлікпен қаза тапса, бір ағасы елге аман-сау оралыпты. Ал кейуана болса соғыс жылдары егіс алқабында, бейбіт заманда ауыл шаруашылығы саласында бел жазбай еңбек еткен. Жасы келгенде тұрмыс құрып, сегіз құрсақ көтеріпті.

МАРАТ БЕКНАЗАРОВ, тыл ардагері Х.Бекназарованың ұлы:

– Анамызды ел сыйлайды. Оны барлығымыз мақтан тұтамыз.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 101 жастағы тыл еңбеккерін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы құттықтап, ел Президенті атынан Хадиша Бекназароваға мерейтойлық медаль табыстады.

Бір ғасырды еңсерсе де Хадиша әжеміз әлі тың. Өмірдің ауыртпалығына мойымаған қария, “Жатсам-тұрсам еліме амандық пен бейбіт өмір бер деп Алладан тілек тілеймін”,- дейді. Ғасыр куәсінің тілеген тілегін Алла әрдайым қабыл етсін.

 

Нұрасыл Ахмет