Орталық алаңда “Мамыр жұлдыздары” атты облыстық әскери- патриоттық және майдан әндері фестивалі өтті. Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Фестивальдің мақсаты- соғыстан оралмаған жауынгерлердің есімін ұлықтау, жас ұрпақтың бойындағы патриотизмді ояту.
ЖАНТІЛЕУ РАХИМОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің маман барлаушысы:
– Мен жастардың бойындағы, патриотизмді ояту және әскерге шақыру мақсатында, Қуандық Рахымның “Мен қазақтың баласы” атты өлеңін орындадым.
Севара Зияхан