70 жасты желкелеген Жасұлан Қазбеков Жеңіс күні қарсаңында Петропавлдағы Даңқ ескерткішіне келіп отыр. Ол әкесі мен әкесінің 3 бауырын еске алып, батырлардың рухына тағзым етпек. Бір үйдің 4 баласы соғысқа қатысқан, екеуі мүгедек болып оралған. Теріскей тумалары майданда көзсіз ерлік көрсеткен.
ЖАСҰЛАН ҚАЗБЕКОВ, СҚО құрметті азаматы:
– Ерліктерін жақсы білемін. Менің әкемнің Есілбай Қазбеков деген інісі болған. Соғыста барлау ротасын басқарған. Капитан шенінде жүріп «Александр Невский» орденін алған. Бұл офицерлер ала бермейтін өте жоғары награда саналады.
Майдангерлердің ерлігін ұмытпау және ұлықтау – ұрпақтың қасиетті міндеті. Бейбіт күнде ғұмыр кешіп жатқан әрбір адам ашық аспан сыйлаған жандарды еске алып тұру қажет.
ЖАСҰЛАН ҚАЗБЕКОВ, СҚО құрметті азаматы:
– Ол кісілермен мен мақтанамын. Біздің елден соғысқа 140-тан астам адам кеткен. Соның 40-қы ғана келген. Тауағаш ауылында батырларымызға арнап ескерткіш қойдық. Жылда барып, тағзым етеміз.
Көпшілік жиналғасын Даңқ ескерткішіне шаһар басшысы Серік Мұхамедиевтің қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі етті. Қызыл қалампыр толы себет жерлестеріміздің атынан қойылды.
Үлкен де, кіші де ескерткішке беттеді. Барлығы майдангерлерді еске алды, тағзым етті. Көп ұзамай ескерткіш алды қызыл қалампырға толды. Бұл – құрметтің айқын белгісі. Кейінгі толқын игі дәстүрді жалғастыруы тиіс.
АМАНЖОЛ НҰРТАЕВ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрметті ардагері:
– Соғысқа әкем қатысты, әкемнің інісі мен қайын атам қатысты. Соғыс жылдары шешем 50 шақырым жердегі аудан орталығына өгізбен бидай тасыған. Біз мұндайды көрмедік. Тәуба. Балаларымыз қиындық көрмесін.
Айта кету қажетпіз, саябақ аумағында орналасқан Даңқ ескерткіші 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдығына орай тұрғызылған.
Байболат Құлтанов