Қоғам

Ардагер Фёдор Щегловқа Президент атынан марапат табысталды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала тұрғыны, қарт майдангер Фёдор Щегловтың шаңырағында болды. Ардагермен әңгіме барысында өңір басшысы оған ерлігі, жанқиярлығы және Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді.

Ғауез Торсанұлы ардагерге Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, мерейтойлық медаль табыстады. Фёдор Васильевич – бүгінде 98 жаста. Соғыс жылдары майдангердің әлі күнге жадында. “Өскелең ұрпақ біздің көргенімізді көрмесін”,- дейді қария.

ФЁДОР ЩЕГЛОВ, ҰОС ардагері:

– Соғыстан жақсы ештеңе күтуге болмайды. Бейбіт өмір – ең керемет кезең. Сондықтан, Тәуелсіздігіміздің қадірін білейік. Барлық әлем халықтарына тек жақсылық, бақыт тілеймін!

Фёдор Васильевич майданға 17 жасында аттанған. Соғыстан аман-сау елге оралғасын саналы ғұмырын құрылыс саласына арнапты.

Мәдина Қаби