Солтүстікқазақстандық полиция майоры Ақордада жоғары марапатқа ие болды! Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада бірқатар офицер мен сарбазға мемлекеттік наградалар табыстады. Құрметке бөленгендердің қатарында М.Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Ольга Кангозина да болды. Шендіге «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табысталды. Ол 2021 жылдың қаңтар айында қызметте жүріп, Рощино ауылы тұрғынының шұғыл босануына септескен. Нақтырақ айтсақ, фельдшермен бірге жедел әрекет етіп, жедел жәрдем келгенше сәбидің аман-есен дүниеге келуіне жағдай жасаған.
Данаш Хамза