Сүйікті командамыз Петропавлға оралады! Мамырдың 10-шы жұлдызында күрделі жөндеу көрген “Қарасай” стадионы қолданысқа берілмек. Бұл күні жергілікті “Қызылжар” футбол клубы матч өткізеді. Қарсылас – жезқазғандық “Ұлытау”. Жағымды жаңалықпен теріскейлік ұжымның баспасөз қызметі бөлісті. Жанкүйерлер тартысты ойындарды асыға күтуде. Олардың бір бөлігі желіде қолдау сөздерін жазып, қуаныш сезімін білдіруде.