Сәуірдің 26-30 аралығында Өзбекстанның Ханабад қаласында гір спортынан әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі дода 400 мықтының басын қосты. Жарыста Қазақстан құрамасы уыс-уыс медаль жеңіп алды. Ел мерейін асырғандардың арасында теріскейліктер де бар. Көпшілікке жақсы таныс Эрик Әлібаев байрақты бәсекеде 4 күміс медаль еншіледі. Ал Евгений Яковкин болса тұғырдың 2-ші және 3-ші сатыларынан көрінді.
ЭРИК ӘЛІБАЕВ, гір спортынан әлем чемпионатының 4 дүркін күміс жүлдегері:
– Былтырғы әлем чемпионатынан 4 алтын медаль еншіледім. Биыл сынық сүйем жетпей қалды. Еш мойымаймын. 12 мамыр күні Қырғызстанда Азия чемпионаты өтеді. Аталған дүбірлі додада жеңімпаз атанғым келеді. Гір спортымен айналысып жүргеніме 3 жыл болды.
ЕВГЕНИЙ ЯКОВКИН, гір спортынан әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері:
– Жарыс мен үшін қиынға соқты. Себебі, әлем чемпионатына жаттықтырушымсыз бардым. Бірақ, бұл менің жоғары нәтиже көрсетуіме кедергі болмады. Алда дүбірлі додалар жетерлік. Бір сәтке де дайындықты үзбеймін.