– В дальнейшем, если вы где-то увидите данные ограничения, это, не удивляйтесь, для снижения ДТП. Будьте бдительными, внимательными, берегите пассажиров, других участников дорожного движения. Всё, счастливого пути, до свидания. – Спасибо, до свидания.
Облыста жыл басынан бері 100-ге жуық жол-көлік апаты тіркеліп, 5 адам қаза тапқан. 145 адам жарақат алған. Көлік апаты ережені сақтамаудан ғана емес, жолдың жағдайына да байланысты туындауы мүмкін. Полицейлер аймақта апатты жағдайларды азайту үшін жолдарды тарылтатын кедергілерді орнатты. Әлемдік тәжірибе бойынша, бұл тәсіл жүргізушілердің қырағылығын арттырады дейді мамандар.
ЕРЛАН МӘДИЕВ, СҚО ПД ӘПБ бастығының орынбасары:
– Бүгін қала сыртындағы жолдарда жүріс бөлігін тарылту деп аталатын жаңа әдісті қолдана бастадық. Айта кету қажет, мұндай тәсілдер әлемдік тәжірибеде тиімділігін көрсетті. Бұл жүргізушілердің жылдамдықты төмендетуіне және апаттық-қауіпті учаскелерде олардың мұқияттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Аталған шара өңірде де оң нәтижесін көрсетіп жатыр.
Полиция қызметкерлері қазір жүргізушілер арасында жаңашылдық жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.
ЕВГЕНИЙ ГОКИН, жүргізуші:
– Бұл тәсілді тиімді деп санаймын. Көлікпен келе жатып жолдың жағдайына байланысты кейде кілт тоқтауға тура келеді. Мына белгілер бізді жылдамдықты баяулату жөнінде ескертеді әрі нәтижесінде апат санын азайтуға ықпал етеді деген ойдамын.
Полицейлер жүргізушілерге жаңа тәсілге мән беріп, жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін қаперге салады.
Мәдина Қаби