Құқық қорғау органдары

СҚО-да полицейлер адасып кеткен Австрия азаматына көмектесті

Тәртіп сақшылары шетелдікті «Динамо» стадионында түнегелі жатқан жерінен байқап қалған. Тексере келе, оның қаңғыбас емес, адасып кеткен саяхатшы екені анықталды. 46 жастағы австриялық азамат елордаға Түркиядан ұшып келіп, Петропавлға жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктермен жеткен. Мамандар саяхатшыны қонақ үйге орналастырды. Аарон Арьяның елдерді аралап жүргеніне бірнеше жыл болған. Орталық Азия мемлекеттерімен танысуды көздеген турист Қазақстанға алғаш рет келген екен. Австриялық саяхатшы қырағы полицейлерге алғысын білдірді.