Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әуеден аралда қалған Прибрежное ауылының жағдайымен танысты. Елді мекенді топан судан айнала қоршаған бөгет қана қорғап тұр. Оны ТЖД қызметкерлері, әскерилер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері нығайтып жатыр. Өңір жетекшісі күннің суықтығы мен қатты желге қарамастан аянбай еңбек етіп жатқан азаматтармен кездесіп, алғысын білдірді. Жанқиярлық еңбектері құрметке лайық екенін айтты. Ғауез Торсанұлының сөзінше, Қызылжар ауданы мен Петропавл маңындағы су басу қаупі бар елді мекендердегі жағдай – бақылауда.