Елімізде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсуге құжат тапсыру жалғасуда. Өтініштер «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады. Науқан 25-ші маусымда аяқталады. Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік арттырады.
ЛАУРА ҚАЙЫРЖАНОВА, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы СҚО бойынша филиалының директоры:
– Магистратура бағдарламалары: MPA – Мемлекеттік басқару, MPP – Мемлекеттік саясат, MIR – Халықаралық қатынастар, ME – Экономика, MRD – Өңірлік даму, MHRM – Адами ресурстарды басқару, MDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару, EMPA – Мемлекеттік басқару (модульдік оқыту негізінде), MRDm – Өңірлік даму (модульдік оқыту негізінде).
12 білім беру бағдарламасының 9-ы – магистратура. Қалған 3-і – докторантура. Грант ұсынылады. Оның иегері атану үшін белгілі бір тапсырмаларды орындау қажет.
ЛАУРА ҚАЙЫРЖАНОВА, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы СҚО бойынша филиалының директоры:
– Докторантура бағдарламалары: DPA – Мемлекеттік басқару, DE – Экономика, DIR – Халықаралық қатынастар. Биыл да магистратураға 120, докторантураға 12 мемлекеттік грант бөлінді. Іріктеу кезеңдері: Алғашқы кезең – онлайн форматта аналитикалық эссе жазу – 28 маусым – 1 шілде. Докторантура бағдарламасына үміткерлер үшін қосымша зерттеу жоспары (Research proposal) бағаланады.
Екінші кезең көп ұзамай өтеді. Сосын қорытынды жарияланып, бағы жанған талапкерлердің аты-жөні белгілі болады.
ЛАУРА ҚАЙЫРЖАНОВА, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы СҚО бойынша филиалының директоры:
– Екінші кезең – офлайн сұхбат – 8-23 шілде, Академия ғимаратында өтеді. Аралық нәтижелер 25 шілдеде жарияланады. Құжаттарды рәсімдеу және келісімшартқа отыру мерзімі – 7 тамызға дейін. Оқу процесі дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады.
Академияға түскен талапкерге жалақысы көлемінде стипендия төленеді, «Жас мемлекеттік қызметшілер үйінде» тұру мүмкіндігі беріледі, шетелдік тағылымдамадан өтеді.
Байболат Құлтанов