Қоғам

Қазақстандықтар мамыр айында 12 күн демалады

Биыл мамыр айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қоса алғанда 12 күн демалады. 1 Мамыр бейсенбіге түскендіктен, бес күн жұмыс істейтіндер сенбі, жексенбімен бірге санағанда 3 күн тынығады. Сондай-ақ, 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні демалып, 8-і жұмысқа шығады. 9-ы,10-ы,11-і де – мерекелік демалыс күндері.