Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіз жол”: СҚО-да 40-тан астам мас жүргізуші анықталды

Облыста мас жүргізушілерге тұсау болмай тұр. Ішімдік ішіп алған адам көлік түгілі өзінің іс-қимылын бақылай алмайды. Сонда да рөлге жабысатындар көп. Өңірде «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 9 күннің ішінде 41 мас жүргізуші ұсталған. Айыптылар жазаға тартылды. Полицейлердің айтуынша, сондай-ақ, көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншіге жол бермеу және жол қиылысынан дұрыс өтпеу жайттары да жиі тіркеледі.