Құқық қорғау органдары

Тергеушілер мен анықтаушыларға арналған семинар

Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының бірінде нәзікжанды жолдасын пышақтап өлтірген. Алайда, тағылған айыппен күдікті келіспеген. “Суық қаруға өзі құлап түсті” деген мәлімдемені полицейлер жоққа шағарды. Мамандар тергеп-тексеру барысында 3D-модельдеу бағдарламаларын қолданған. Заманауи жүйе арқылы қан іздерінің динамикасы мен марқұмның қозғалысы қалпына келтіріліпті. Сараптама жарақат тұрған күйінде әдейі жасалғанын көрсеткен. Нәтижесінде кісі өлтіру қылмысы тез арада ашылды. Бұл жайлы тергеушілер мен анықтаушыларға арналған семинар барысында айтылды. Шараға сот-медицина саласында тәжірибесі мол маман Олжас Ғаббасов қатысып, қылмыстық істерді сапалы тергеу бойынша мол ақпарат берді. Ақпараттық кеңеске аудандық бөлімшелер онлайн бейнебайланыс арқылы қосылды.