Экология

Қала сыртына 15 мың қарағай көшеті отырғызылды

Қызылжар ауданына қарасты Куйбышев орманшылығының орман қоры молайтылды. Мың жарым гектар жерге “Таза Қазақстан” акциясы аясында 15 мың қарағай көшеті отырғызылды. Игі іске 500-ге жуық адам қатысты. Олар: мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар мен студенттер.

ҚАЙРАТ ҚАЛЫҚОВ, “Қызылжар” орман шаруашылығының директоры:

– Бұл шараны біз қолдаймыз. Бұдан басқа да мемлекеттік орман қорында көптеген ағаш отырғызу науқаны өтіп жатыр. Жылына екі рет жүргізіледі. Көкем және күз айларында. Сондықтан да осы шараға қатысуға барлықтарыңызды шақырамыз!

АЙЖАН НИГМАТОВА, акцияға қатысушы:

– Осындай шара ұйымдастырылғанына қуанып отырмын. Экологияға пайдасы зор. Ағаш болашақ ұрпаққа қалады.

 

Севара Зияхан