Қоғам

Большая Малышка ауылының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Бұл іске полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған. Елдімекендегі бірде-бір үй, бірде-бір адам назарсыз қалмайды. Мамандар әр баспанаға бас сұғып, тиісті ақпарды ұсынады. Тасқын кез келген сәтте жетуі мүмкін. Әсіресе, түнде қауіп басым. Қысылтаяң шақта екі аяқ бір етікке тығылмас үшін қажетті заттарды, құжаттарды қазір жинап, жиһазды көтеру қажет. Мүмкіндік болса көпке созбай қаупсіз жерге көшкен абзал.

РУСТАМ САДУЛОВ, Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Жергілікті атқарушы органдарға қолғабыс етіп, тұрғындардың көшуіне көмектесіп жатырмыз. Қазіргі уақытта ауылдың 20-дан астам тұрғыны жатақханаға орналастырылды, тағы 140 жуық адам уақытша туыстарына көшті. Атқарушы органдармен бірлесе отырып, күндіз-түні өзгерісті мониторингілеу арқылы бақылауда ұстаудамыз.

 

Мәдина Қаби