Экономика және қаржы

“Salyq кэшбэк” пилоттық жобасы іске қосылды

Теңге тиыннан құралады. Тамшылап түскен бонус әжептәуір көлемде жиналғаннан кейін оны банк картасына немесе ұялы телефонның балансына аударып алуға болады. Бұл қадам “Salyq кэшбэк” пилоттық жобасы аясында жасалып отыр. Бастама әзірге Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Айыртау, Тайынша және Жамбыл аудандарында қолға алынған.

СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

Жобаның мақсаттары:
– Экономикалық және құқықтық мәдениетті арттыру;
– Экономиканың көлеңкелі секторын қысқарту;
– Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
– Бақылау-кассалық машиналарды пайдалануды ынталандыру.

Севара Зияхан