Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылықтың өсуі егуден бас тарту санының артуымен байланысты

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санэпидқадағалау Комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева мәлімдеді. Оның мәліметтері бойынша, қызылша ауруының 75% – дан астамы және көкжөтелдің 87% – ы вакцинацияланбаған балаларда кездеседі.

Тек 2024 жылдың бірінші тоқсанында 7 мыңға жуық ата-ана балаларын вакцинациялаудан бас тартты. Әзімбаева бұл эпидемиологиялық жағдайға тікелей әсер ететінін атап өтті. Ол сондай – ақ иммундаудың арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, ал 2009 жылдан бастап дифтерия жағдайлары тіркелмегенін еске салды. 34 жыл ішінде паротит ауруы 100 есе, А гепатиті 32 есе, В гепатиті 92 есе, ал қызамық 2 мың еседен астам төмендеді. Елімізде жыл сайын 4 млн-нан астам адам егіледі, ал вакциналарды сатып алуға 38 млрд теңге бөлінеді.

Биыл Еуропалық иммундау апталығы 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді.