Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ҚР ДДҰ елдік кеңсесіне вакцинацияға сұраныс пен келісімді арттыру жөніндегі бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі Сәуле Қасымова хабарлады, 2005 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының бастамасымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіліп келеді.
“Қазақстанда 2024 жылы маңызды прогреске қол жеткізілді. Адам папилломавирусына қарсы ұлттық вакцинация науқаны басталды. Бұл әйелдердегі жетекші онкологиялық аурулардың бірі болып табылатын жатыр мойны обырының алдын алу жолындағы өте маңызды қадам. Бұдан басқа, Қазақстан ДДҰ әзірлеген “иммундық патруль” цифрлық білім беру платформасын мектеп бағдарламасына пилоттық еткен Еуропа өңірінің бірнеше елдерінің біріне айналды. Бұл платформа қазақ және орыс тілдеріне аударылып, 10-12 жастағы балаларды иммунитет және инфекциялардың алдын алу негіздеріне ойын түрінде үйретеді”, – деді С.Қасымова.