Қоғам

Тұңғыш Президент саябағы тазартылды

Бүгін Петропавлда “Таза Қазақстан” акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Осы жолы табиғат жанашырлары “Тұнғыш Президент” саябағын жинауды жөн көріпті. Бір қуантарлығы, игі іске үлес қосқан жастар саны 300-ге жуықтаған. Бұл басқа сенбіліктермен салыстырғанда қатысушылар санының артқанын көрсетеді.

САЯЖАН ҚАЛИЕВА, ерікті:

– Бүгін “Ауыл” партиясының жастар қанаты “Таза Қазақстан” акциясына қатысудамыз. Бұл акция қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға бағытталған. Шараға қаланың барлық жастары қатысып жатыр.

Университет пен колледж студенттерінен қалыспай шараға атсалысқан мектеп оқушылары да жоқ емес.

АРУЖАН ҚАЖЫҒАЛИВА, “әл-Фараби” мектеп лицейінің оқушысы:

– Ерікті болу өзіммен қоса еліме, халқыма, қалама пайдасын тигізеді. Қоршаған ортаны қорғау өзімізден басталады. Табиғаттың әдемі, таза болуы – біздің қолымызда.

Қала жастары аталған шараға қатысуға әрқашан дайын екендіктерін жеткізіп, барлығын айналаны таза ұстауға шақырды.

 

Севара Зияхан