– По 19 мая идет оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасная дорога». В связи с этим мы останавливаем и проверяем документы.
Мыңға жуық құқықбұзушылық. Оның ішінде 27 жүргізуші мас күйінде ұсталған. Бұл – “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы аясында жүргізілген бескүндік жұмыстың нәтижесі. Жалпы, жыл басынан бері облыс жолдарында 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам көз жұмып, 145 адам жарақат алған.
ГАУҺАР РАМАЗАНОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:
– СҚО аумағында ағымдағы жылдың сәуірдің 19-ы мен мамырдың 19-ы аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр. Шараның 2 күні ішінде ЖҚЕ бұзудың 397 фактісі, соның ішінде 13 мас жүргізуші, басқару құқығынан айырылған 6 жүргізуші, қозғалыс жолағына қарсы шығудың 2 фактісі анықталды.
Данаш Хамза