Мәдениет

Ұлттық кітап күні: С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өткен апталық қорытындысы

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада осыдан бір апта бұрын ғана Ұлттық кітап апталығы бастау алған болатын. Енді бүгін іс-шараның қорытынды жиыны өтті. Білім ордасында бір жеті ішінде біршама іс-шара өтіп, сөрелер кітаппен толықты.

ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім жетекшісі:

– Негізі, апталықта күн сайын сан түрлі іс-шаралар өткізілді. Мысалы: 17 сәуір күні “Өлкетану” күні болды.

Қазір кітапхананың 50 мыңға жуық тұрақты оқырманы бар. Соның бірі – Маргарита Володина. Бойжеткен кітапханаға жиі келеді.
11 жасынан бері 100-ге жуық туынды оқыған екен.

МАРГАРИТА ВОЛОДИНА, кітапхана оқырманы:

– Дәл осы кітапханадан шамамен 20-дан астам кітап алып оқыдым. Өзім мемлекеттік қызметкермін, бос уақытымда осында келіп, шараларға қатысамын. Келген соң міндетті түрде кітап алмай кетпеймін. Көбіне публицистикалық және шетел жазушыларының туындысын оқығанды ұнатамын.

Шара соңында тұрақты оқырмандарға кітап сыйға тартылып, мадақтау қағазымен марапатталды. Айта кетейік, қазір кітапханада 1 млн-нан астам еңбек бар. Оның 800-і – ұлттық кітап.

 

Мәдина Қаби