“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы барысында жолдағы қозғалысқа қауіп төндірген екеу ұсталды. Тимирязев ауданында тәртіп сақшылары тоқтатқан қос трактордың жүргізушілері мас болып шықты. Оған медициналық куәландыру нәтижесі дәлел.
Жауапсыз жүргізушілердің жасы 38 бен 27-де. Екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өңірде рөлге ішіп алып отыратындар түзелер емес. Полиция қызметкерлері “Қауіпсіз жол” шарасы аясында 4 күн ішінде осындай 25 адамды анықтаған. Оларға қатысты тиісті шара қабылданды.