Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша көптеген бағыттарда оң динамика байқалады. Дегенмен жедел әрекет етуді талап ететін мәселелер де бар. Осыған байланысты өңір басшысы тиісті тапсырмалар берді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Экономика басқармасы салалық басқармалармен, аудан және Петропавл қаласы әкімдерімен бірлесіп, 7% экономикалық өсімді қамтамасыз ету шеңберінде ай сайынғы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін. 2025 жылдың бес айы мен екінші тоқсанының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуін қамтамасыз ету керек. Аудан және қала әкімдеріне экономика салаларын дамыту үшін қосымша резервтерді қарастыру тапсырылды.

Көшбасшы салалардың бірі – агроөнеркәсіп кешені. Өңір ет, сүт және жұмыртқа өндіруде тұрақты көрсеткіштерге ие. Ауыл шаруашылығына инвестиция салу белсенді жүргізілуде. Алайда, Петропавл қаласында өнеркәсіп саласы керісінше, тұрақты көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған. Кейбір аудан әкімдерінің жұмысы мен инвестициялық жоспарлардың орындалуына қатысты сұрақтар қойылды.

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО экономика басқармасының басшысы:

– Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 162,3 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеген. Тау-кен өндірісінде 20% өсім бар. Өңдеу өнеркәсібі жалпы өнеркәсіптің 80%-ын құрайды. 2025 жылдың үш айында бұл секторда 129,6 млрд теңге өнім өндіріліп, 0,1% өсім тіркелді.

2025 жылдың бірінші тоқсанында СҚО жергілікті бюджетінің кірістері жоспардан 3 млрд 875 млн теңгеге артық орындалды. Алайда, кірістер артығымен орындалғанымен, барлық қаражат толығымен игерілмеген. Облыс бюджеті 99,7% орындалған.

НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО қаржы басқармасының басшысы:

– Республикалық бюджет пен Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттер мен несиелер бойынша игеру 89,5%-ды құрады. Игерілмеген сома – 354,5 млн теңге. Жергілікті бюджет бойынша игерілмеген қаражат – 38,1 млн теңге немесе 100%. Игерілмеген қаржы келесі аудан бюджеттерінде қалыптасты: Шал ақын ауданы – 268,2 млн теңге (соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен – 250,5 млн теңге, жергілікті бюджет – 17,7 млн теңге); Ақжар ауданы – 101,3 млн теңге (соның ішінде республикалық бюджет – 100 млн теңге, жергілікті – 1,3 млн теңге.

Отырыс соңында Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайына тоқталды. Былтыр су басқан шағын аудандарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Үкіметтің қолдауымен су айдайтын станция ғимараттарын қалпына келтіру, бетон плиталармен қоршау бөгетін салу, заманауи жабдықтар мен суасты сорғыларымен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа 3,6 млрд теңге бөлінді. Қосымша сыртқы электр желілерінің екі желісі және жерасты желісі жүргізілді. Барлық қаражат бюджеттен тыс, яғни тартылған қаражат есебінен бөлінді. Су басқан Ойқала шағын ауданының орнына биыл мамыр айынан бастап демалыс орындары, саябақтар салынады. Ағаш отырғызып, спорт нысандары мен шағын сәулет нысандарын салу жоспарланған.

Өңір басшысы барлық тапсырмалардың орындалу барысы туралы тұрақты есеп беруді тапсырды. Экономикалық тұрақсыздық тәуекелдерін ескере отырып, жыл соңына дейін нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет екенін ескертті.

“Первый Северный” телеарнасы