Құқық қорғау органдары

Биыл Уәлиханов және Қызылжар аудандарында буллинг фактісі тіркелген

– Сейчас активно развивается буллинг среди несовершеннолетних, который приводит к тяжким последствиям. С начала года у нас было выявлено 2 факта буллинга, это в Уалихановском и Кызылжарском районах.

Мәселе өзекті. Буллингке бейжай қараса, соңы соқпақты аяқталуы мүмкін. Буллинг қалай туындайды? Оның қатерлері мен алдын алу шаралары қандай? Полиция қызметкерлері мектеп директорларының басын қосып маңызды кеңес өткізді.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Біз сіздерден оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізуді сұраймыз. Бала девиантты мінез-құлық танытса, мектепте оқушылар арасында кикілжің мен буллинг болса және біреуге зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты күдік туындаған жағдайда бірден тиісті қызметтерге хабарлау қажет.

Мамандардың айтуынша, биыл, негізі облыста жасөспірімдер арасындағы қылмыс 60 пайызға төмендеген. Бірақ, сол азайған статистиканың ішінде мектеп оқушылары арасында буллинг пен бұзақылық фактілері анықталған.

Облыста республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 10 күннің ішінде жасөспірімдердің түнгі уақытта жалғыз жүруіне қатысты 180-нен астам жайт анықталған. Баласын тәрбиелеу бойынша міндетін орындамаған 72 ата-ана жауапкершілікке тартылған. Жиында әсіресе мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдерді назардан шығармау туралы айтылды.
Жазғы демалыс та жақындап келеді. Мамандар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы мәселені де талқылады.