Ұлттық кітап күні аясында Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қабырғасында “Жер – біздің ортақ үйіміз” атты іс-шара өтті. Бұл шара “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оған қалалық мектептердің 3-4 сынып оқушылары қатысты. Балғындарға қоршаған ортаға қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушылар диплом және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
ӘЛФИЯ СҮЛЕЙМЕНОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы:
– Біздің оқушылар табиғатқа, экологияға қатысты кітаптар оқиды. Сол арқылы білімдерін арттырады. Бүгін білген-түйгендерін тексеріп көруді шештік. Өскелең ұрпақтың кітапқұмар болғанын, табиғатты аялағанын қалаймыз. Жер – біздің ортақ үйіміз.
СОФИЯ ЗАДВОРНАЯ, Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектебінің оқушысы:
– Экология саласына қатысты біраз сұрақ қойылды. Маған өте ұнады. Басқа қатысушылар көп дүние біледі екен. Жауаптарды тыңдап отырдым, есіме сақтап алдым. Осындай шаралар жиі өте берсін, біз тұрақты түрде қатысуға дайынбыз.
Севара Зияхан