Экология

Қалалық 32-ші орта мектебінің алдына 20 түп ағаш отырғызылды

Еріктілер мектеп оқушыларына үлгі боларлық игі іске ат салысты. С.Мұқанов атындағы 32-ші орта мектебі алдында акция ұйымдастырылды. Қолдарына күрек ұстаған жандар бір адамдай ағаш егуге кірісіп кеткен. Еріктілер іні-қарындастарына жасыл желекті қалай егу қажеттігін көрсетіп, ұғындыруда. Оңтүстік Орал темір жолы – Петропавл бөлімі филиалының волонтерлері осымен екінші рет аталған мектеп алдына жасыл желек егуде.

КИРИЛЛ ФИЛОНОВ, “Ресей темір жолы” ААҚ Оңтүстік Орал темір жолы-Петропавл бөлімі филиалы волонтерлік штабының жетекшісі:

– Бүкіл ел көлемінде “Таза Қазақстан” акциясы өтіп жатыр. Бүгін біз осы науқан аясында шара ұйымдастырып, табиғатымыздың көркеюіне шамалы болсын өз үлесімізді қосудамыз. Өткен жылы 25 ағаш отырғызған едік. Сол кезде биылға деп арнайы орын қалдырып кеттік. Дәстүрден жаңылмай, 20 түп шырша мен қарағай ектік.