Сенбі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жалпықалалық тазалық акциясы өтті. Аманттықтарға Уәлиханов көшесі бойын күл- қоқыстан тазарту тапсырылған екен. Қатысушылар қолдарына қажеті құрал-жабдықтарын алып, іске бір адамдай кірісе кетті. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші”, азғандай уақыт ішінде көше бойы тап-тұйнақтай болып шыға келді. Қарасаң көз сүйсінеді.
НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, “AMANAT” партиясы СҚОФ баспасөз хатшысы:
– Мұнда қыстан қалған қураған шөпті тазалап, бір қапқа салып, қаланың сыртына шығаратын боламыз. Аманаттықтар да “Таза Қазақстан” акциясына ерекше көңіл бөледі. Бұдан бөлек әр бейсенбі сайын әріптестерімізбен бірге бейсенбіліктерге де қатысудамыз.
Көше бойында ағаштардан қурап түскен жапырақтар көп екен. Шашылып жатқан қоқыс та аз емес. Белсенділер бәрін
жинастырып, қапқа салды. Сөздерінше, мұндай тазалық шаралары көктем бойы жиі өткізілмек.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, “AMANAT” партиясы “Болашақ” филиалының атқарушы хатшысы:
– Біз тек көшелерді ғана тазалап қоймаймыз. Қала ішіндегі ескерткіштердің маңын да жинастырудамыз. Одан бөлек, аудандарға да шығып, ауылды жерлерді де қоқыстан тазартамыз. Әдетте қоқыс қыстан кейін көп болады. Әрине, мұндай тазалық шарасын жаз кезінде де жалғастырамыз.
Аманттықтардан жалпықалалық акцияға 20-ға жуық адам қатысты.
Мәдина Қаби