Қоғам

Талғат Ластаев: “Көлік саласына 65 мың маман қажет”

Өңірге жұмыс сапарымен көлік вице-министрі Талғат Ластаев келді. Ведомство өкілі Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде болып, 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Жүздесудің мақсаты – салаға маман тарту. Өкінішке қарай, елімізде бұл бағытты таңдайдың жастардың саны жылдан-жылға азайып барады.

ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ, ҚР көлік вице-министрі:

– Көлік саласы қарқынды дамып жатыр. Алдағы 5 жылда салаға 65 маман қажет болады. Маман тапшы. Сондықтан, үгіт-насихат жүргізіп жатырмыз.

Үгіт-насихат жұмысына қарқын қосу қажет. Егер салада білікті мамандар сиресе, түрлі мәселе туындайды. Шешуді қажет ететін түйткілдер бүгінде де бары белгілі. Кемшіліктер аққайыңдар өлкесінен де табылып жатады.

ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ, ҚР көлік вице-министрі:

– Жолдың сапасыз салынуы деген бар. СҚО-да ғана емес, бүкіл Қазақстанда осындай мәселе туындайды. Қазір министрлік осыған басымдық беріп жатыр.

Кездесу соңында еркін форматтағы тілдесу болды. Мектеп оқушылары өте белсенді. Олар салаға қатысты сұрақтарды бірінен соң бірін қойды. Сауалдарға вице-министр және өзге де лауазымды тұлғалар жауап берді. Амина Төлегенова жұмысқа орналасу жайын сұрады. Жеткіншек туындауы мүмкін кедергілерден сескенеді.

ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ, ҚР көлік вице-министрі:

– Барлығы өзіңізге байланысты. Егер жақсы оқысаңыз, өзіңізді жақсы көрсетсеңіз, жұмысқа оңай қабылданасыз.

Бір топ оқушы саламен жақынырақ таныспақ. Олар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылатын болды. Жақын арада балалар аэропорт, вокзал сынды нысандарды аралайды.

 

Байболат Құлтанов