Сандық сот орындаушысы жүйеге өткен жылдың 20 тамызында қосылды.
“Ол адамның қатысуынсыз, яғни жеке сот орындаушысынсыз жұмыс істейді және атқарушылық құжаттар бойынша талаптарды орындайды. Робот борышкерлерге хабарлама жібереді және тиісті шектеулер қояды. Егер 30 күн ішінде борышкер талаптарды өз еркімен орындамаса, жүйе істі автоматты түрде жеке сот орындаушысына береді”, – деп түсіндірді Ілияс Есалиев.
Оның айтуынша, бұл жүйеге барлық мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қосылған. Жеті айдың ішінде Цифрлық сот орындаушысы 650 мың атқарушылық іс қозғап, оның 176 мыңға жуығын аяқтады. Мемлекет пайдасына шамамен 3,5 млрд теңге өндірілді. Жүйеге тегін қызмет көрсетудің арқасында азаматтар 910 млн теңге үнемдей алды.