Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандағы жұмысшы кәсіптер жылы шеңберіндегі негізгі бағыттардың бірі мектептерде кәсіптік бағдар беру қызметін дамыту және күшейту болады

Бұл туралы Білім вице-министрі Еділ Оспан Астанадағы IC3 “Counseling as a Culture” халықаралық форумында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

“Бұл бағытта министрлік нақты қадамдар жасауда. Наурыз айында біз бұйрық қабылдадық, оған сәйкес педагог-кәсіптік бағдар беруші мектеп штатында міндетті бірлік болады. Бүгінгі таңда біздің мектептерде 1200-ден астам кәсіби бағдар берушілер жұмыс істейді. Біз жаңа оқу жылында олардың саны 7000 – ға дейін өседі деп күтеміз”, – деді Еділ Оспан.

Оның айтуынша, бұл мамандарды қажетті әдістемелік материалдармен және қолдаумен қамтамасыз ету маңызды.

“Сондықтан біз оларға әдістемелік қамтамасыз етуіміз керек.
Бұл форум біздің кәсіби бағдар берушілердің жиналуына, кәсіби бағдар беру мәселелерін, халықаралық тәжірибені талқылауға арналған”, – деп атап өтті Еділ Оспан.