Көктемнің шуақты күнінде қаламыздың “Береке” ықшам ауданында да көшет отырғызылды. Мұндағы мына алаңқай бос тұрған еді. Енді жергілікті жастар еккен 100 түп ағашпен көркеймек. Таңдау пирамидалы терекке түсіпті. Ол биік өседі, жапырақтары да көлемді болады. Демек, болашақта тұрғындар төңіректе терең тыныстап, жан рахатын сезінбек.
АҚАНСЕРІ АЗИЗ, қалалық әкімдік қызметкері:
– Бүгінгі шараға қалалық әкімдік атынан қатысып жатырмыз. Осыншай шаралар жиі болсын. Елімізді бірге көркейтейік!
Сонымен қатар, облыс орталығының “Бірлік” ықшам ауданында да көшет отырғызылды. Ол жақта белсенді әрі қоршаған ортаға құрметпен қарайтын теріскейліктердің күшімен пирамидалы теректің 400 түбі бойын тіктеді.
Байболат Құлтанов