Қоғам

Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 31 см-ге жоғарылады

Облыстағы өзен-көлдердегі судың көлемі еселеп артуда. Мәселен, соңғы тәулікте Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі бақандай 31 сантиметрге жоғарылаған. Салдарынан нысанның ернеуінен асқан судың көтерілуі 237 см-ді құрайды. Бұдан да өзге тың деректермен бөліссек, Ғ.Мүсірепов ауданындағы Тоқсан би ауылындағы деңгей – 53 см. Бұл өңір өзен-көлдеріндегі ең үлкен өсім болып табылады. Айта кету керек, шаһар тұрғындарын алаңдатып отырған Петропавл су торабындағы көрсеткіш 1 күннің ішінде 4 см-ге көтерілген.

 

Нұрасыл Ахмет