Петропавлда қазақстандық кино онкүндігі аяқталды. Шымылдық бүгін “Набат операциясы” және “Бауырға салу” фильмдерімен жабылды. Алғашқысы патриоттық туынды болса, екіншісі драмалық еңбек болып табылады.
Әртүрлі жастағы жерлестерімізге ұсынылған “Набат операциясы” шынайы оқиға негізінде түсірілген. 1992 жылы еліміздің оңтүстігінде тұтқындар жолаушылармен бірге рейстік автобусты кепілге алады. Сол кезде адамдарды құтқару үшін мемлекеттік қауіпсіздік және құқықтық тәртіп органдарының үздік күштері жасақталады.
АСЫЛЖАНЫМ ТЕМІРХАН, М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің психологы:
– Мектептен балаларды алып келдім. Біздің мектепте “Жас сақшы” клубы құрылған. Осы клубтың балаларына бүгінгі патриоттық фильм ұнайды деп ойлаймын.
Қазақстандық кино онкүндігі аясында шаһардағы креатив орталығында 20-ға жуық фильм көрсетілген. Оларды 4 мыңнан астам адам тамашалапты. Сонымен қатар, көрсетілім аудандарда да ұйымдастырылды.
Байболат Құлтанов