Үкіметте көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды. Биыл “Қарағанды – Жезқазған”, “Ақтөбе – Ұлғайсын”, “Атырау – Доссор” трассаларын қоса алғанда, 1000 км автожол салу және реконструкциялау бойынша 7 жаңа жоба іске қосылады. 2025 жылы барлығы 781,2 млрд теңгені қаржыландырумен 8,8 мың шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылады. 2030 жылға дейін шекарадағы 52 автомобиль өткізу пунктінің 36-сын қайта жаңарту жоспарлануда.
“Қазавтожол” басшысының айтуынша, 2025 жылғы жобаларға инвестициялар 644 млрд теңгені, ал жаңаларына – 3 трлн теңгеден асады. 2048 жылға қарай күтілетін экономикалық тиімділік-6,4 трлн теңге. “ҚТЖ” шілде айында екінші жолдардың құрылысын аяқтап, “Достық – Мойынты” (836 км) учаскесі бойынша қозғалысты іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаның құны-542,8 млрд теңге.