Экономика және қаржы

Басқармалар онлайн бақылауда болады

Қазынадағы қаржыға қол сұғуға мүмкіндік бермейді! Қазір Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қолданысында бюжетті онлайн бақылау жүйесі бар. Ол өткен жылдың соңында пайдалануға берілген. Жаңашылдыққа 5 басқарма және осы мемлекеттік органдарға қарайтын ұйымдар қосылған. Аталған жүйенің пайдасы зор. Оны көмегімен мамандар жалақының толық және тәртіп бойынша төленуін қашықтықтан бақылайды.

ЗӘУРЕШ ҚАПАРОВА, СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қаржының тиісті бағытта жұмсалуына ерекше мән береді. Бұл ретте Президент цифрлық технологияларды қолдануға шақырды. Тапсырманы орындау мақсатында өткен жылы Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қаражатты онлайн бақылау жүйесін іске қосты. Заман игілігінің көмегі зор. Ол бізге кабинеттен шықпай-ақ жұмыс істеу мүмкіндігін сыйлады.

АЙГҮЛ ШИРАЖИЕВА, СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы:

– Білім және дене шынықтыру басқармаларының өкілдері жаңашылдықпен таныс. Сәуір айында қатарға денсаулық сақтау, ішкі саясат және мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары қосылды. Яғни, біз мүмкіндігімізді арттырдық. Болашақта тізімді ұлғайтпақпыз. Мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Біздің басты мақсатымыз – бюджет қаржысын дұрыс жұмсау.

 

Байболат Құлтанов