Қоғам

Жүргізушілік – жауапкершілік

Қанат Құрмашев – қаладағы №2 бағытта қатынайтын автобустың жүргізушісі. 40 жылдан астам тәжірибесі бар маман көліктің бүге-шүгесіне дейін біледі. Өйткені, бұл кәсіп – оның балалық арманы. Жүрекпен қалаған жұмысыңды сүйіспеншілікпен атқарасың. Екінші мәселе – жүргізушіліктің жауапкершілігі зор. Рөлге таңғы 6-да мінгеннен кешкі 9-ға дейін жолаушы таситын жан адам таңдаған жұмысына әрдайым адал болуы керек дейді.

ҚАНАТ ҚҰРМАШЕВ, автобус жүргізушісі:

– Жүргізушіге сауысқандай сақтық пен темірдей жүйке қажет. Өйткені, сен адам өміріне жауап бересің. Ал әр адамның артында бір отбасының тағдыры тұратыны айтпаса да түсінікті. Қаланың іші күнде ығы-жығы қозғалыс. Жол ережесін білмейтін жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де бар. Жүргізуші жолаушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты. Бұл міндетті мінсіз орындау керек.

 

Мәдина Қаби