Ұлы Отан соғысы бесіктегі сәбиден еңкейген қартқа дейін зардабын тигізбей қоймады. Ер азаматтар қару алып, ұрыс даласына аттанса, еңбекке жарамдылар тылда жұмыс істеді. Мылтықсыз майданда ерлі-зайыпты Николай мен Нина Волыриндер аянбай тер төгіп, жауынгерлерді қажетті заттармен қамтамасыз етуге атсалысқан. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қос тыл ардагерін Қызылжар ауданы әкімінің атынан орынбасары Алма Нұрғалиева құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Ардагерлерге жеке-жеке тоқталсақ. Николай Волырин 1937 жылы Новониколькое ауылында туған. Ол бала болып ойнаған жоқ, еңбекке ерте араласты. Таң атқаннан кеш батқанша дейін аянбай тер төгіп, үлкендерге қолғабыс етті. Жасы 90-ға таяп қалған ардагер әлі тың. Тіпті, әлі күнге дейін көлік жүргізеді екен.
НИКОЛАЙ ВОЛЫРИН, тыл ардагері:
– 1945-50 жылдардағы өмірді еске алғым келмейді. Соғыстың кесірінен оқығанда жоқпыз. Күніміз егістік даласында өтті. Анам екеуіміз күн сайын майданға кеткен әкемнің жолын күтетінбіз. Жастар қазіргі бейбіт заманды бағалауыы керек. Ұлы Жеңістің қандай қиын жолмен келгенін ұғынуы тиіс.
Ардагердің зайыбы Нина Волыринаның айтатын естеліктері бір төбе. Нәзікжандының әкесі де майданның басынан аяғына дейін болған. Бірнеше фашистің көзін жойған. Түсірілім барысында Нина Васильевна бізге асқар тауына табысталған марапаттарды көрсетті. Мына медальдардың өзі үшін қаншалықты қымбат екенін айтты.
“Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді”. Бұл сөзді Бауыржан Момышұлының өзі айтқан. Сондықтан, майдан уақытында аянбай тер төккен ардагерлерімізді әрқашан құрметтеуіміз қажет. Ерліктері ұмытылмауы керек. Айта кету керек, Қызылжар ауданында 160-қа жуық тыл ардагері тұрады.
Нұрасыл Ахмет