Қоғам

23 сәуір – Ұлттық кітап күні

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың III отырысында жас ұрпақты кітап оқуға баулу қажеттігін айтып, 23 сәуірді – Ұлттық кітап күні деп жариялады. Бүгін осыған орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Ашық есік күні” шарасы өтті. Кітапхана қонақтарына ең алдымен көрме назарға ұсынылды. Ал оқырман сөреден кітап іздеп әлек болмас үшін
“AI ZHAN” нейро-ассистенті ойлап табылған.

Көрмеге қазақтың ақын-жазушыларының сан түрлі жанрда жазылған еңбектері қойылған. Ертегі, драма, тарихи еңбектердің 800-ден астамы ұсынылған.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, жазушы:

– Көрмеге өзіміздің Кәкімбек Салықов, Сәкен Жүнісов, өзімнің, Жарасбай Сүлейменовтың кітаптары қойылған.

Бүгінгі шара – білім ордасында бастау алған Ұлттық кітаптар апталығының бастамасы. Апта бойы мұнда оқырман тарту мақсатында түрлі шара ұйымдастырылады. Кітапхана қорында 1 жарым млн-нан астам туынды бар. Оның 800-ден астамы ұлттық кітаптар екен.

ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі:

– Ұлттық кітаптардың қатарына еліміздің әдебиетінен бастап, бүгінге күнге дейінгі қазақ әдебиетін өзге ұлттарға көрсететін барлық әдебиеттер жатады.

Көрмеден кейін өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу турасында конференция өтті.

 

Мәдина Қаби