Балалар

Заманауи ұстаз – білімді ұрпақ

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру. Тақырып өңір ұстаздарының басын қосқан семинарға арқау болды. Педагогтар шәкірттерінің осы қабілетін дамыту жөнінде ойларымен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасты.

СӘУЛЕ ТҰРСЫНОВА, Ә.Бөкейхан атындағы №25 орта мектебінің директоры:

– Функционалды сауаттылық дегеніміз – оқушылардың алған білімін өмірде қолдана білуі.

ГҮЛНӘР ӘМІРЖАНОВА, Новоишим орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Мен үшін жаңа болған әдіс-тәсілдердің бірі – динаданттық. Бұл әдіс оқу сауаттылығын арттыру барысында мәтіннің негізгі бөліктерін, ойын ашу үшін өте тиімді.