Маңызды жұмысқа тәртіп сақшыларынан бөлек, прокуратура өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен қоғам белсенділері жұмылдырылған. Профилактикалық шара жастар арасындағы құқыбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Мамандар 1 ай бойы көшелер мен тұрмысы төмен және есепте тұрған отбасыларды аралап, әңгіме жүргізеді.
ҚАЙЫРБЕК БАЙМӨҢКЕНОВ, Петропавл қалалық ПБ бастығының орынбасары:
– 2025 жылды “Құқық бұзушылықтардың алдын алу” жылы деп жариялады. Басты мақсатымыз – кәмелет жасқа толмаған балалармен әңгімелесіп, түнгі клубтар мен көңіл көтеру орындарында ересектерсіз жүруін болдыртпау. 23:00-ден кейін көшеде жүрген балаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту.
Тәртіп сақшылары жүргізген жұмыстар өз нәтижесін бермей қоймады. 3 күннің ішінде облыс бойынша жасөспірімдердің қатысуымен 150 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде тіпті, алкоголь ішіп, темекі шегіп ұсталғандар да бар екен. Ата-аналық міндетін дұрыс орындамағандар да жетерлік.
– У Вас ребенок состоит на учете в отделении ювенальной полиции. Уже один раз был судебный процесс, где его рассматривали по вопросу направления в спецшколу. – Я понимаю, но Вы услышьте меня: я не могу его за руку водить…
14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер де назардан тыс қалмаған. Себебі, бұл санаттағы жастар келеңсіз жағдайларға жиі тап болады. Мысалы, ата-анамен ұрсысу, үйден кетіп қалу, төбелесу сияқты жайттар орын алады. Мамандар профилактикалық жұмыс мұндай түйткілдерді азайтуға ықпал етеді деген сенімде.
Нұрасыл Ахмет