Полицейлер жол қозғалысын бақылауда дрондарды пайдаланып жатыр. Мамандардың айтуынша қырағы квадрокоптер – көз жетпейтін жердегі, камера қойылмаған аумақтағы жол және қоғамдық тәртіпті қадағалауда таптырмас көмекші құрал. Ұшқыш дүние көктен көліктегі қауіпсіздік белдігін тақпаған, рөлде телефонмен сөйлесіп отырған адамды да байқап қалатын көрінеді. Осыған байланысты квадрокоптерлер қала көшелерінде ғана емес, тас жолдарда да ұшырылуда. “Басты мақсат – айыппұл жазу емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету”,- дейді мамандар.
РУСЛАН ҚАБДОЛОВ, СҚО ПД ППБ командирінің орынбасары:
– Дрондар тіркеген құқық бұзушылық жақын маңдағы полиция жасағына жіберіледі. Содан кейін патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыға әкімшілік шара қолданады. Дрондардың көмегімен қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, маневр жасау ережелерін, жарық шамдарын пайдалану ережелерін бұзу, жол жүрісі қағидаларының басқа да бұзушылықтары анықталады.
Данаш Хамза