“Таза Қазақстан” акциясы аясында 5-ші Сенная көшесінің тұрғындары өз аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ойын алаңдарын, көшелерді сыпырып, қураған шөп қалдығын жинады. Табиғатқа жанашырлық танытқан кішкентайлар да ата-аналарынан қалыспады. Өз еріктерімен аула жинап жүрген балалар да жоқ емес. “Осы жерде тұрғандықтан, тазалығына да жауаптымыз” деген пікірде тұрғындар.
АЛЕКСАНДР ВИНТАЕВ, “5-ші Сенная көшесі” ПИК төрағасының міндетін атқарушы:
– “Таза Қазақстан” акциясы тұрғындардың ұйымшылдығын арттыра түсті. Бәрі бірлесіп білек сыбана тазалық шарасына кірісіп кетен. Барлығы – З0-ға жуық адам қатысуда.
Севара Зияхан