МТРА жаңалықтары

Соғыс туралы спектакль қойылды

“Огонек на ветру”. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай осындай атаумен қалалық мәдениет үйі жанындағы халық драма театрының ұжымы спектакль қойды. Қойылым соғыс жайлы. Елді мекеннің барлық ерлері майданға аттанып, ауылда тек қарттар, әйелдер мен балалар ғана қалады. Нәзікжандылар қара жұмыс істеп, ерлерінен күнде хат күтіп, олардың амандығын тілеумен болады. Актерлер қойылым арқылы сол уақыттағы қиын күндерді, аштық кездерін көрсеткісі келген.

БОТАГӨЗ СӘДУ, қалалық мәдениет үйі жанындағы халық драма театрының актрисасы:

– Актерлерімізге мұндай эмоционалды қойылым қою оңайға соқпады. Себебі, бұл жерде барлық шынайы эмоцияны жеткізе білу қажет. Өзіңнің сомдаған кейіпкеріңнің мұң-зарын, уайымын көрсете білу керек. Көпшілікке сол кездегі өмірді шынайы түрде ұсынуға тырыстық. Мағыналы да мазмұнды қойылымда 12 адам ойнады. Көрерменнің көңілінен шықты деген ойдамыз. Кейбірі көздеріне жас алып қарап отырды.

 

Мәдина Қаби