Білім

Республикалық байқаудың жүлдегерлері жобаларын таныстырды

Ақжарлық оқушы Інжу Тілегенді аспан әлемі қызықтырады. Ізденімпаз жеткіншек
жұлдыз зерттеуге құштар. Інжудің айтуынша, аспандағы жымың қаққған жұлдыздардың салмағы да, түсі де әртүрлі болып келеді екен.
Тіпті, қатарластырының ғылымға қызығушылығын арттыру үшін арнайы ойын құрастырыпты.

ІНЖУ ТІЛЕГЕН, “Зерде” республикалық байқауының 3-ші орын иегері, Ақжар ауданы:

– Көк түсті жылдыздар ең үлкен жұлдыздар болып саналады. Орта жастағылар сары түсті.

Інжу Тілеген ерекше жобасымен жақында Көкшетау қаласында өткен республикалық “Зерде” байқауынан 3-ші орын иеленді. Одан бөлек Алматыда “Бастау” байқауы да өткен болатын. Қос бірдей ғылыми жобалар байқауына теріскей өңірінен 20 ұл-қыз қатысты. Жүлдегерлер бүгін көпшілікке жобаларын таныстырды.

20 қатысушының ішінен 2-еуі – 1-ші орын, 5-еуі – 2-ші, тағы 5-еуі 3-ші орын иеленген. Облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанованың сөзінше, өңірде жылдан-жылға ғылыми жоба жазумен айналысқысы келетін жеткіншектердің саны артуда.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО білім басқармасының басшысы:

– Жылдан-жылға қатысушылар саны артып жатқаны бізді ерекше қуантады.

Айта кетейік, жас зерттеушілердің 8-і – ауыл балалары. Бұл ауылды жерде де білім мен ғылымға ынтызар жастарды қолдаудың барын білдіреді.

 

Мәдина Қаби