Құқық қорғау органдары

Майдан әндері шырқалды

Облыстық полиция департаменті Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше шара ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары сауда-ойын-сайық орталығына барып, соғыс тақырыбындағы рухты әндерді шырқады. Заманауи туындылар да орындалды.

Концертте 20-ға жуық ән шырқалды. Шара айналасына аға буын өкілдері көптеп жиналды. Себебі, мұнда олардың балалық шағын еске түсіретін туындылар орындалған болатын.

АННА КАШЕВАРОВА, қала тұрғыны:

– Концерт жақсы өтіп жатыр. Аталарымды еске алып, көзіме жас келді. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Қалада осындай шаралар көптеп өткізілсе екен деймін.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері бір ай бойы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап түрлі шаралар өткізетін болады.