Қоғам

«AMANAT» партиясы жол картасының орындалуы

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында жол картасының орындалуы талқыланды. Өңірде өткен жылы іс-шаралар жоспарында түртілген 111 істің 10-ы орындалмай қалған. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Айтжанованың айтуынша Уәлиханов ауданында хоккей кортының құрылысы аяқталмаған. Салғырттық танытқан мердігерге қатысты сот процесі жүріп жатыр. Шал ақын ауданында 6 ауылды сумен қамту жобасы су тасқыны және қаржыландырудың кеш түсуіне байланысты жүзеге асқан жоқ. Жалпы, өңірде биыл сумен қамтуға қатысты 60 жобаны іске асыруға 25 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Уәлиханов ауданында 24 шақырым жол жөнделмей қалған. Айгерім Айтжанова осы ретте облыста 2025 жылға 800 км автожолды қалыпқа келтіруге 34,6 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Сондай-ақ, жиын барысында жастар мен бизнеске арналған гранттар және тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарларының орындалмау себептері талқыланды. Мәселен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында былтыр жоспарланған 240 маманның тек 136-сы қамтылған, ал «Ауыл аманаты» жобасы мүлдем қаржыландырусыз қалған.